Текст
1 қыркүйекте «Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды, одан кейін мектеп директоры Альдиева К.Н. жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, оқушыларға білім алуда сәттілік тіледі.
1 қыркүйек мереке, сондықтан мектеп оқушылары қонақтарды қуанту үшін шағын қызықты қойылымдар дайындады: балалар тақпақ оқып, ән айтты.