Николаев негізгі мектебінің өзін-өзі тану бірыңғай сағаты
Николаев негізгі мектебінде 2020 жылдың 23 желтоқсанында 1 және 9 сыныптар аралығында өзін-өзі танудан Жалпыадамзаттық құндылық күніне орай «Жалпыадамзаттық құндылық – өмір бастауы» бірыңғай сағаты өткізілді.
Сабақтарда келесі жұмыс түрлері мен тәсілдері қолданылды:
- «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша видеокөрсетілім;
- адамдардың мейірімді іс-әрекеттері туралы оқушылардың және оқытушылардың әңгімесі;
- адамгершілік-рухани мазмұндағы сұхбаттар;
- сурет салу,қайырымдылық туралы тілектер,ұсыныстар құрастыру;
Біз «Жалпыадамзаттық құндылық – бақытты өмір бастауы» өзін-өзі тану бірыңғай сағаты оқушыларымыздың рухани-адамгершілік біліміне қомақты үлесін тигізеді,оларды шынайы өмірге дайындауға ықпал етеді, олар өмірдің мәні мен бақытына байланысты болатын дұрыс моральдық таңдау жасай алады деп сенеміз