«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бәлімі Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя  школа села Николаевка  отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі танудан онкүндік

16.02.2021

«Өзін-өзі тану:Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі 02.02.2021 ж.-12.02.2021 ж.аралығында өткізілді. Онкүндік аясында,мектепте түрлі іс-шаралар өткізілді. «Өзін-өзі тану» апталығыны 2 ақпанда «Өзін-өзі тану:Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» тақырыбымен салтанатты мәжіліспен ашылды.Мәжіліс өзін-өзі танудың «Қайырымдылық жолымен» әнұранымен басталды. Қатысушылар назарына С.Назарбаеваның «Мен сіздерді адамгершілікке үйретемін» тұсаукесері ұсынылды. Бастауыш сынып оқушылары қайырымдылық,мейірімділік,достық,махаббат туралы өлеңдер оқыды. 02 ақпан мен 12 ақпан аралығында Сара Назарбаеваның туған күнін атап өту аясында іс-шараның жоспары құрылды. Мектеп кітапханасында Сара Назарбаеваның қызметі туралы айтылатын, «Өзін-өзі тану» жобасы авторының атқарған жұмыстары туралы көрсетілетін «Жүрекке жылулық ұялатқан жүректер» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Балалар Сара Алпысқызының кітаптарын қызығушылықпен оқып, оның атқарған еңбектерімен танысты. 7,9 сыныптар оқушылары арасында адамгершілік,қайырымдылық және отансүйгіштік тақырыбында дебат өткізілді. «Әлемге не айтқым келеді?» тақырыбында шығарма жазудан сайыс өткізілді. Нәтижесінде балалар қойылған сұрақтың мазмұнын аша алатындай өте парасатты ойларын жеткізе білді.5-6 сынып оқушылары үшін «Адам жанын жылытатын мейірімділік,шуақ»  тақырыбында сынып сағаты өткізілді.1-4 сынып оқушылары үшін ана,мейірімділік,әлем және достық тақырыбында балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.Барлық балалар іс-шараларға  белсенді ат салысты. Балалар сурет,ашықхаттар,қолдан жасалған бұйымдар  сайыстарында өздерінің өнерлерін толықтай көрсете алуына мүмкіндік алды.

   «Өзін-өзі тану:Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі балаларды ұжымдық қызметке,өзін-өзі ұйымдастыра білетін,мектеп ұжымын біріктіруге,көңіл-күйді көтеретін,балалар бойында позитивті өзін-өзі бағалау қасиеттерін дамытатын сөзбен ғана емес әрекеттерімен де өз бойларында қоршаған ортаға деген мейірімді көзқарас қалыптастыратын қасиеттерді жетілдіруге көмектесті.

   Онкүндіктің аяқталуына мектеп оқушылары өткен онкүндіктен алған әсерлерімен бөлісті, керемет өткен сабақтар ,іс-шаралар үшін мұғалімдерге ризашылықтарын білдіріп алғыс айтты. Олар «Өзін-өзі тану» сабағы әр адамның өзін-өзі тануына, өз бойындағы керемет қасиеттерді аша білулеріне және өз құндылықтарын сақтап,әрқашан да адам болып қалуға шын мәнінде көмектесетінін мойындады.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст