Текст
Республика күні қарсаңында мектепте «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шарада бастауыш және орта мектеп оқушылары «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылданды.
Олардың барлығы мектеп президенті Любовь Задорожнаяға патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жерді сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылу арқылы өздеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін жақсы түсінеді.
Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, жақсы, үздік оқуға ниетті. Мектеп директоры Альдиева Күляш Нурлановна балаларды салтанатты да маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтап, мектептің қоғамдық өміріне сәттілік тіледі.