«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бәлімі Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя  школа села Николаевка  отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

06.05.2021

30 сәуірде Николаев мектебінде «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті. 1-9 сынып оқушылары арасында «Қазақстан - көп ұлтты мемлекет» тақырыбында тақырыптық жиын өткізілді. Сапта оқушылар Кеңес Одағы кезінен бастап осы мерекенің пайда болуы туралы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл көктемгі мереке сақталып, «Қазақстан халқының бірлігі» мерекесі деп аталып кеткені туралы ақпараттармен танысты.
     Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін, азаматтық және адами қарым-қатынастарын қалыптастыру, сондай-ақ көп ұлтты Қазақстанымызда достықта, сүйіспеншілік пен келісімде өмір сүре білу.
      Бастауыш сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл күні оқушылар «Кең киім тозуды білмейді, біртұтас халық қиындықты білмейді» деген халық даналығын тыңдауға шақырып, әндер айтып, өлеңдер оқыды.
      Орта буын оқушылары арасында мерекелік концерт өтті. Бұл концертте білім алушылар көркемөнерпаздар қойылымдарын көрсетті - халық билері, әндер, өлеңдер және барлық ұлттардың «Көңілді дөңгелек биі». Осылайша, олар дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын және әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әртүрлі сенім мен нанымға сенетін адамдардың мәдениетін құрметтеуді көрсетті. Бұл шара қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етеді. Олардың барлығын Қазақстан біріктіреді. Мерекелік іс-шараға білім алушылар белсенді қатысты.


     

Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст