Николаев мектебінде «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді: «Отан қорғаушылар күні». 1-4 сынып оқушылары «Қазақстан әлем балаларының көзімен» суреттер байқауына қатысты.
Балалар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады. 7-9 сынып оқушылары арасында шахматтан турнир өтті.Отан қорғаушылар күніне арналған «Қане, ұлдар» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.
Сайысқа 1-9 сыныптардан 3 команда қатысты. Ұлдар өздерінің күштерін, ептіліктерін, тапқырлықтарын көрсетті. «Маскировка», «Сарбаздың борщы», «Жараланғанды көтеру», «Атыс» тақырыптарында сайыстар өткізілді.
Барлық ұлдар өздерінің мінездерін бала кезінен қалыптастыруға, батылдыққа, тектілікке, қайсарлыққа, шешімділікке, адалдыққа тәрбиелеу керек.
Іс-шара соңында қыздар ұл балаларды мерекелерімен құттықтады.