1 қыркүйек күні мектебімізде Білім күніне арналған мерекелік шара өтті.
Жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін бұл мерекелік жиынға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар жиналды. Әсіресе, бұл күн бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше әсерлі болды — олар үшін алғашқы қоңырау соғылды.
Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Шарадан кейін барлық сыныптарда "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар мектепте бәріне жайлы әрі қауіпсіз болу үшін оның қандай болуы керектігін талқылады. Жақсы істер тізімін жасап, тәртіп ережелерін жазып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ соңында мектепке, ұстаздарға және достарына тілек жазды.
Мереке өте әсерлі, жылы көңіл күйде өтті. Жаңа оқу жылы оқушылар үшін көтеріңкі көңіл күймен және достық қарым-қатынаспен басталды!