«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бәлімі Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя  школа села Николаевка  отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

10 қарашада

29.12.2025

10 қарашада Альдиев Темирболат Амангельдинович педагогикалық құрам мен техникалық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы іс- шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

Мектеп ұжымының өрт кезіндегі төтенше жағдайларға дайындығын арттыру, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрттің алдын алу және эвакуациялау тәртібі туралы білімдерін жетілдіру.

Профилактикалық оқу-жаттығу жиыны білім мекемесіндегі өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы нұсқаулықпен басталды. Қатысушыларға өрт кезіндегі персонал әрекетін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар ескертілді.

Келесі мәселелер қаралды:

1. Білім беру ұйымдарындағы өрттердің негізгі себептері;

2. Өртті анықтау және дабылды беру тәртібі;

3. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштерді) дұрыс пайдалану;

4. Электр жабдықтарын ажырату және оқушыларды қауіпсіз алып жүру ережелері;

5. Қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапкершілігі.

Қызметкерлерге оқу видеороликтері мен заманауи өрт сөндіргіштердің үлгілері көрсетіліп, оларды пайдалану туралы  түсіндірілді.

Просмотров: 162


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст