Текст
30.12.2025
«Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасы аясында 7-8 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ деп айт» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны туралы түсініктерін қалыптастыру және жеке тұлғалық «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымына қарапайым және түсінікті тілде анықтама беру;
2. Сыбайлас жемқорлықтың қарапайым халықтың өміріне қалай әсер ететінін көрсету;
3. Жемқорлық жағдайларды тануға үйрету;
4. Моральдық таңдау жасау қабілетін дамыту;
5. Оқушыларды шыншылдыққа, жауапкершілікке, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Балкибекова Айжан Нұрланқызы.