«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бәлімі Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя  школа села Николаевка  отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Лудомания: ойын, өмірді бұзатын әуестілік»

30.12.2025

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында 5–6-сыныптарда «Лудомания: ойын, өмірді бұзатын әуестілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:

- Оқушыларды «лудомания» ұғымымен –компьютерлік ойындарға құмарлық және тәуелділікпен таныстыру;

- Ойнау әуестігінің денсаулыққа, психикаға, қарым-қатынасқа және болашаққа қауіпті салдарын көрсету;

- Сыни ойлауды дамыту, бос уақытқа және цифрлық ойындарға саналы қатынас қалыптастыру;

- Өз қызығушылықтары мен әуестіктеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар лудоманияның не екенін, оны қарапайым ойын әуестігінен қалай ажыратуға болатынын білді. Олар тәуелділік белгілерін, оның адамның өміріне әсерін талқылады. Мысалдар, нақты жағдайларды талқылау, бейнематериалдар және сауалнама арқылы оқушылар тәуекелдерді тануды және ойын барысында өз мінез-құлқын бақылауды үйренді.

Сынып жетекшісі: Щербакова Валентина Андреевна

Просмотров: 55


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст