Текст
30.12.2025
9-сыныпқа арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы туралы есеп
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 9-сыныпта «Дұрыс мамандық таңдау нені білдіреді?» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға саналы көзқарасын дамыту болды.
Шара барысында оқушыларға өмірде дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Олар кәсіпті таңдаудың негізгі критерийлері: жеке қызығушылықтары мен бейімділіктері, жеке қабілеттері, денсаулығы, білім деңгейі, қазіргі еңбек нарығының қажеттіліктері туралы білді.