Текст
28.01.2026
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында 2026 жылдың 19 қаңтарында 5-6 сыныптар арасында «Заң мамандықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
1. Заңды сақтауға және қорғауға байланысты мамандықтар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
2. Судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың және басқа да заңгерлік мамандардың рөлдері мен міндеттерімен таныстыру.
3. Құқықтық тәртіптің қоғам және әрбір жеке адам өміріндегі маңызын көрсету.
4. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.
5. Оқушылардың бойында жауапкершілікті және заңға бағынуды тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Щербакова Валентина Андреевна