Текст
03.03.2026
5-6 сыныптарда «Ауғаныстан:естелік және ерлік» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
1.Оқушыларды Ауған соғысының оқиғаларымен таныстыру және әскери борышын өтеген сарбаздардың ерлігіне деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
2.1979-1989 жылдардағы оқиғалар туралы жалпы түсінік беру.
3.Интернациолист-жауынгерлердің кім екенін түсіндіру.
4.Ерлік пен батырлықтың үлгілерімен таныстыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Ауғанстандағы соғыс туралы тарихи фактілермен танысты. Олар интернационалист-жауынгерлердің кім екенін біліп, «борыш», «ерлік» сөздерінің мағынасын талқылады. Сарбаздардың көрсеткен батырлық үлгілеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сынып жетекшісі: Щербакова Валентина Андреевна.