03.03.2026
23 ақпанда орыс тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. Бұл күні мектебімізде ерекше шығармашылық атмосферасы қалыптасты. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімен кабинет эстетикалық тұрғыда безендірілді: жазушылардың мүсіндері қойылды, ұлы орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің бейнесі дайындалды, қабырғалар мен сынып тақтасы тақырыпқа сай безендірілді. Ашылу салтанаты мұғалімнің кіріспе сөзімен жалғасты, онда орыс тілінің қарым-қатынас құралы, мәдениет және халықтың рухани мұрасы ретіндегі маңыздылығы аталып өтілді.
Онкүндіктің мақсаты:
- Оқушылардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру;
- Білім алушылардың оқу мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- Мектеп оқушыларын орыс әдебиетінің руухани мұрасына баулу;
- Оқушылар мен педагогтердің ынтымақтастығы үшін жағдай жасау.
Онкүндіктің міндеттері:
- Оқушылардың орыс тілінің байлығы туралы білімдерін кеңейту;
- Классикалық және қазіргі заманғы әдебиеттің үздік шығармаларымен таныстыру;
- Коммуникативті дағдыларды, шығармашылық ойлауды және зерттеу қабілеттерін дамыту;
- Пән бойынша сабақтан тыс іс-шараларды жандандыру.
- Шараға тек оқушыларды ғана емес,мектептің педагогикалық ұжымын да тарту.
Өткізілген іс-шаралар:
Онкүндік аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді:
- Орыс тілінің байлығы мен мәнерлілігіне, орыс жазушыларының өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық сабақтар.
- Классикалық және қазіргі заманғы әдебиет туындылары ұсынылған кітап көрмесі.Оқушылар көркем сөздің үздік үлгілерімен танысты.
- Иллюстрациялар мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қамтитын орыс тілі тақырыбына арналған көрме.
- Сауатты сөйлеуді, қиялды және зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық тапсырмалар мен конкурстар.
- Іс-шараларға әртүрлі сынып оқушылары ғана емес, сонымен қатар мектептің педагогикалық ұжымы да белсене қатысты, бұл ынтымақтастықты нығайтуға және біртұтас білім беру кеңістігін құруға ықпал етті.