Текст
27.03.2026
15 наурыз күні 9 сынып оқушылары ұстазы Саветов Саят Жансерікұлымен бірге аға ұрпаққа деген жанашырлығы мен қамқорлығын көрсетті.
Олар көшелерге шығып, аулалар мен жолдардағы қарды тазалап, ерекше қолдау мен назарға мұқтаж жандарға көмектесті.
Мұндай ізгілікті істер адамдарды жақындастырады, үлкенді сыйлауға үйретеді, бір-бірімізге көмектесудің қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Барлық қатысушыларға жомарттығы, еңбекқорлығы және мейірімді жүректері үшін алғыс айтамыз! Әр шаңырақ жылулық, қамқорлық пен өзара қолдауға толы болсын.