«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бәлімі Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя  школа села Николаевка  отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области" 

1 сыныпқа қабылдау

23.04.2026

Білім министрлігі білім беру ұйымдарына қабылдау ережесіне өзгерістер енгізді.

Биыл «Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сінде бірінші сыныпқа қабылдау маусымның 10-нан бастап 31 тамызға дейін өтеді.

Осы жылдан бастап мектеп жанындағы мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын адамдардың өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Егер ата-аналар БӨП-тен кейін басқа мектепті таңдағысы келсе, олар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-аналарының өтініші бойынша даярлық деңгейіне қарамастан түседі.

Қазақстан азаматтары үшін портал арқылы мектепке түсу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші;

2) № 065-у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және № 052-2/е баланың денсаулық паспорты;

3) көлемі 3х4 см фотосурет (2 дана)

Анықтама үшін: баланың туу туралы куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының өзі құжаттарды тапсырған кезде деректерді салыстырып тексеру үшін қағаз түрінде, көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (құжаттарды тапсырған кезде деректерді салыстырып тексеру үшін қағаз түрінде көрсетіледі).

Бала үшін ерекше инклюзивті жағдайлар қажет болған кезде - психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы.

Құжаттарды қабылдау 3:1 қағидаты бойынша жүргізіледі: бірінші үш өтініш берушіге мектепке қызмет көрсету аумағынан, содан кейін бір өтініш берушіге басқа учаскеден.

Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст