Текст
06.05.2026
Бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 7–8 сыныптарда «ДОСБОЛLIKE: буллингтен қорғану. Нағыз достық деген не? Менің қандай құқықтарым бар?» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар сыйластық, қолдау және өзара түсіністік сияқты маңызды мәселелерді талқылап, буллингке қалай қарсы тұру және өз құқықтарын қалай қорғау керектігін білді. Сабақ барысында өмірден алынған мысалдар келтіріліп, талқылаулар мен шағын тапсырмалар жүргізілді.
Осындай кездесулер оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, бір-біріне мұқият болуға тәрбиелейді.
Сынып жетекшісі: Балкибекова Айжан Нурлановна