1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке барлық қарт адамдарға адал еңбегі, үлкен өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен парасат-пайымы үшін терең құрмет білдіріп, жылы лебіздерін білдіруге тамаша мүмкіндік береді. Мектебімізде осы күнді мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары құрылып, қарттарға құрметпен қарауға, олардың бай өмірлік тәжірибесіне тәрбиелеуге бағытталған түрлі жұмыстар жүргізілді. Қарттарға тікелей көмегіміз жүйелі түрде көрсетіліп келеді, ол үшін ұстаздарға да, оқушыларға да халықтың алғысы шексіз.
Қарттар күніне орай «Қайырымды пошта» топта жұмыс жасады. Оқушылар құттықтау хаттарын дайындады. Барлығы барын салды! Аппликация сабағында түрлі-түсті қағаздан әдемі ашық хаттар мен гүлдер жасап, педагогикалық еңбек ардагерлеріне,әжелерге сыйладық.