Текст
07.10.2026
Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде «Дублер күніне» дайындыққа арналған педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Педагогикалық кеңес барысында оқушылардың ұстаздық қызметті атқаруына байланысты ұйымдастыру жұмыстары талқыланып, міндеттер бөлініп, алдағы іс-шараға дайындық барысы пысықталды.
Дублер күні – оқушыларға ұстаздық мамандықтың қыр-сырын сезініп, өздерін мұғалім рөлінде сынап көруге мүмкіндік беретін ерекше күн. Бұл – олардың жауапкершілігін арттырып, бастамашылдығын танытып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын тағылымды шара. Жас «ұстаздарға» сенім мен шабыт, сәттілік пен қанат, қызықты сабақ пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Ұстаздық – ұлы жол, Білім беру – үлкен жауапкершілік, Ал шәкірт жүрегіне жол табу – нағыз шеберлік!