07.10.2026
Ұстаздар күніне арналған концерт, 5 қазан – Ұстаздар күні, 5 қазан күні мектебімізде
жылулық пен алғысқа, шаттық пен қуанышқа толы ерекше мерекелік көңіл-күй орнады.
Күн сайын шәкірттеріне білім беріп, жақсылыққа жол сілтеп, қолдау көрсетіп, әр баланың өз күшіне сенуіне дем беретін ардақты ұстаздарға оқушыларымыз тамаша мерекелік концерт ұсынды. Әсем ән шырқалып, көңілді билер биленіп, жүректен шыққан жылы сөздер мен ақ тілектер ұстаздарға деген шынайы құрметтің белгісіне айналды.
Ұстаз – білімнің шамшырағы,
Ұстаз берген біліммен нұрланып,
Болашаққа қанат қағады талайы!
Әр күніңіз шәкірт күлкісіне толсын,
Еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!
Шәкірттеріңіздің жетістігі –
Сіздерге деген ең үлкен құрмет болсын!
Әрдайым абырой биігінен көрініп, шәкірттеріңіздің мақтанышы болып жүре беріңіздер!