«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бәлімі Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя  школа села Николаевка  отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

20.10.2026

Біздің мектепте Аршалы ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е. Қ. Құрманбаевпен маңызды профилактикалық кездесу өтті.

Оқушылармен әңгімелесу барысында мектеп ортасындағы буллингтің (қорлаудың, қудалаудың) алдын алу, бір-біріне құрметпен қарау, өзара көмек көрсету және өз әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Әсіресе, оқушылар арасында бір-бірін қорлауға, кемсітуге және агрессия көрсетуге жол берілмейтініне ерекше назар аударылды. Оқушылар буллинг жағдайында қалай дұрыс әрекет ету керектігін және көмек алу үшін кімге жүгіну қажет екенін білді.

Мұндай кездесулер мектепте қауіпсіз әрі достық қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыруға, оқушыларды өзара құрметке, төзімділікке және жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өткізілген мазмұнды әңгімесі мен ынтымақтастығы үшін Е. Қ. Құрманбаевқа алғысымызды білдіреміз!

 

Просмотров: 56


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст