Текст
27.10.2026
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде Қазақстан Республикасының Республика күніне орай 8–9-сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын дәлелді түрде жеткізе білу, қарсыластарының пікірін мұқият тыңдау, өз ұстанымдарын қорғау және сындарлы диалог жүргізу қабілеттерін көрсетті.
Дебат оқушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, азаматтық жауапкершілігін және белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға тамаша мүмкіндік болды.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, тарихқа және еліміздің мемлекеттік құндылықтарына деген құрметті қалыптастырып, туған Қазақстанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етеді! 🇰🇿